Қазақстан қазір басқа елдерге көмектесуге қауқарлы - Итиро Кавабата - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан қазір басқа елдерге көмектесуге қауқарлы - Итиро Кавабата

27.02.2017
Жапония Қазақстанға қаржылай көмек көлемін азайтады. Өйткені, Қазақстан қазір басқа елдерге көмектесуге қауқарлы. Жапонияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Итиро Кавабата бүгін осылай деп мәлімдеді.

Тек адам капиталын дамытуға арналған арнайы бағдарламалар арқылы бөлінетін қаржы қысқармайды. Бүгін елші осы бағдарлама бойынша 6 әлеуметтік жобаға 262 000 доллар бөлу жөнінде келісімшартқа қол қойды.


Әйгерім АҒЫЛТАЕВА

Хабарламаларға жазылу