Шымкентте әскерилер қоян-қолтық ұрыста күш сынасты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте әскерилер қоян-қолтық ұрыста күш сынасты

24.02.2017
Қатысушылар әскери қолданбалы спорт түрінен 9 салмақ бойынша бақ сынады.

Шымкент қаласындағы Ұлттық Ұланға қарасты 65/06 әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрысы бойынша сарбаздар арасында өткен біріншілік мәресіне жетті.

Бұл жолғы сайыс әскери бөлім сапында қызмет етіп, 1995 жылы тәжік-ауған шекарасында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алу және құқықтық тәртіп әскерінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдастырылды.

Жарысқа Ұлттық Ұланның «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы мен Әскери институттың 6 командасы қатысты.

Ғани ҚАЛМАХАНОВ

Хабарламаларға жазылу