Қызылордада Рәміздер күніне орай әскерилер сап түзеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Рәміздер күніне орай әскерилер сап түзеді

05.06.2023

Қызылордада Рәміздер күніне орай әскерилер мерекелік сап түзеді. Ұлттық ұлан сарбаздары мен офицерлері мемлекеттік нақыштарды дәріптеп, гарнизонда әнұран шырқалды.

Таңсәріден Отан қорғаушылар салтанатты шеруге шығып, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетті. Көк туымыз көтеріліп, Елтаңба ортаға алынды. Жалпы бұл мейрамның әскерилер үшін орны ерекше. Мерекеге орай арнайы жасақ әскери дайындықтарын көрсетіп, қоян-қолтық ұрыс кезіндегі әдіс-тәсілдерін паш етті.

Әділбек Серікұлы


Хабарламаларға жазылу