Алматыда автомашиналар ауаға 80 пайыз зиянды қалдық бөледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда автомашиналар ауаға 80 пайыз зиянды қалдық бөледі

20.02.2017
Түтіні тиісті деңгейден асып кеткендерден қала бюджетіне 136 миллион теңге айыппұл өндірілді. Бұл мәселені шешу үшін қоғамдық көліктердің 60 пайызына газбен жүретін қондырғы орнатылды. Жұмыс жалғасуда.

Ал, жаңадан құрылған Наурызбай ауданы мен аумағына облыстың кейбір елді мекені кірген Алатау ауданында газ, жарық пен су сияқты өзекті мәселелер өршіп тұр. Бұл мәселелер Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің қала тұрғындарының алдында есеп беру барысында айтылды.
Мирас МҰҚАШ

Хабарламаларға жазылу