Алматыда ЖЭО жұмысшыларын баспанамен қамтуға ден қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда ЖЭО жұмысшыларын баспанамен қамтуға ден қойылады

13.01.2024

Алматыдағы екінші жылу электр орталығы газға көшірілгеннен кейін, одан шығатын зиянды қалдық 12 есе азаяды. Мәжіліс депутаттары жылу орталығына барып, нысанның жұмысымен танысты. Келесі жылы жаңа газ станциясының құрылысы басталып, 2026 жылы аяқталады. Станцияны табиғи газға көшіру арқылы зиянды қалдық көлемін 37 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін төмендету көзделген. Қазір нысандағы көмірмен жұмыс істеп тұрған бөлігі резерв ретінде сақталады. Енді орталық жұмысшыларын баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешуге тырысамыз, - дейді депутаттар.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Экологияға дұрыс өзінің ықпалы болады деп есептеймін. Өйткені газбен келеді, газ толыққанды 100 пайыз өртенеді, тек қана буы шығады. Ал көмір болғандықтан, көмірмен бірге қалдықтары бар, қазірдің өзінде көмірдің қалдықтары 20 млн тонна залал күлі, соның өзі экологияға қанша әсер етеді және өкінішке орай күлді өңдеу немесе одан басқа жаңа өнім жасау деген жұмыс мүлдем жоқ екен.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу