Қызылорда – Петропавл бағытында пойыз рейсі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда – Петропавл бағытында пойыз рейсі ашылды

21.01.2017
Қызылорда – Көкшетау бағытындағы пойызы Петропавл қаласына дейін ұзартылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бастамасымен Қазақстан және Ресей темір жолдары келіссөздер жүргізіп, оңтүстік пен солтүстікті жалғайтын пойыз бағыты өзгерді.
Бұл жаңалық солтүстіктегі «Серпін» бағдарламасымен білім алып жүрген жастарды ерекше қуантып отыр. Өйткені, Шымкент пен қызылордалық студенттер теріскейге жету үшін бір пойыздан екіншісіне отыруға мәжбүр еді.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу