Шымкент-Дубай бағытында әуе рейсі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент-Дубай бағытында әуе рейсі ашылды

23.09.2014
Шымкент-Дубай бағытында әуе рейсі ашылды

«Flydubai» әуе компаниясы Шымкент қаласынан Дубайға дейін жаңа рейс ашты. Шымкенттен тікелей Араб Әмірліктеріне қатынайтын ұшақ аптасына 2 рет сапарға шығады, деп хабарлайды otyrar.kz сайты.

 «Шымкенттен ұшатын рейстер Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сауда мен туризмді дамытуға ықпалын тигізеді. Екі бағытта да бизнес-класс бойынша ұшу қызметі көрсетілетін болады», деді «Flydubai» компаниясының өкілі.

Жаңа бағыт бойынша дүйсенбі және жұма күндері ұшуға болады. Билеттердің бағасы — 350 доллардан басталады. Алғашқы рейспен 60 адам жолға шықты.

 

Хабарламаларға жазылу