Петропавлда мереке күндері 300-ге жуық адам ауруханаға түскен. Олардың көбі мұз айдынында жарақаттанса, қалғаны ішімдікті мөлшерден көп пайдаланған. Тіпті, дәрінің орнына ащы суды ішіп, уланғандар да бар. Дәрігерлердің айтуынша, өткен демалыс күндері жедел жәрдем шақырғандардың саны күрт жоғарылаған.
Самат САПАРАЛЫ