Петропавлда 1,5 гектар аумақ жанып кеткен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Петропавлда 1,5 гектар аумақ жанып кеткен

14.04.2022

Петропавлда соңғы күндері өрт оқиғалары тыйылмай тұр. Бүгін Жұмысшы кентінде от тұтанып, 1,5 гектар жер жанып кетті.

Маңында тұрған теміржол вокзалы мен тұрғын үйлерге қауіп төнді. Адам шығыны тіркелген жоқ. Мамандар өртті дер кезінде сөндіріп үлгерді. Өңірде күн жылынғалы 101 қызметіне түсетін шақырту көбейген. Жеке құрам мен техника тынымсыз жұмыс істеуде.

Естеріңізге сала кетсек сәуірдің 12-і күні алапат өрт болып, 800 саяжай учаскесі жанып кеткен болатын. Қазір шығын мөлшері есептеліп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Эльмира Кәленова 

Хабарламаларға жазылу