Астанада жатақхана отқа оранды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жатақхана отқа оранды

03.01.2014
Астанада жатақхана отқа оранды
Астанада екі қабатты жатақхана отқа оранды. Оқиға түнгі сағат 3 шамасында болған. Өрт Алматы ауданы Ж.Жабаев көшесіндегі он отбасы қоныстанған нысанның 1 қабатын шарпыған.
 
Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 40 минутта ауыздықтады. Төтенше жағдай министірлігінің мәліметінше, улы газдан екі адамға иіс тиіп, олар ауруханаға түсті.
 
Ақжарқын Бижанова, қала тұрғыны:
Бәрі ұйықтап жатқан. Күйеуім келіп өрт болып жатыр деп айқайлап, бәрінің есіктерін қақты. Сөйтіп, терезені ашып, терезеден шығып жатқанымызда, өрт сөндірушілер келді.
 
Жалпы, Жаңа жыл қарсаңында еліміз бойынша 7 адамға иіс тиіп қалған. 30-желтоқсан күні Алматыда жеке тұрғын үйдің бірінде отынмен жанатын пештен ақау шығып, соның салдарынан, 4 адам газдан уланған.
 
Оның біреуі ересек адам болса, үшеуі бала. Сол күні Петропавлда да дәл осындай оқыс оқиғадан, екі адам қайтыс болды.
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу