Елордалықтардың қоғамдық көліктер жұмысына көңілдері толмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтардың қоғамдық көліктер жұмысына көңілдері толмайды

29.12.2016
Астаналықтар қала билігіне арызданды. Айтуларынша, автобус жүргізушілері тұрғындарды қойша тиеп, құйғыта айдайды. Әрі құдды диспетчерлер секілді қолдарынан телефон түспейді. Шеттерінен дөрекі, жолаушыларға зекіп сөйлеп, көлікті шалқая жүргізеді екен. Тіпті, көлікті тізесімен тізгіндейтіндер бар екен.

Автобустың нағыз машақаты қақаған қыста басталады. Тұрғындар саршұнақ аязда қоғамдық көлікті минуттап емес, сағаттап күтуге мәжбүр. Қала әкімдігі «бұл түйткіл келер жылы түбегейлі шешіледі»,- дейді.


Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу