Аргентинада әлеуметтік жағдайдың нашарлауына қарсы шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аргентинада әлеуметтік жағдайдың нашарлауына қарсы шеру өтті

29.06.2017

Аргентина астанасы Буэнос-Айрестің орталық көшелерінің бірінде тұрғындар шеру өткізді. Наразы топ елде азық-түлік дағдарысына орай төтенше жағдай жариялауды, жұмыссыздықты жоюды талап еткен. Олардың  президент Маурисио Макри қолға алған еркін нарық саясатымен көңілдері толмайды. Акцияға елдегі солшыл партия мен топтардың өкілдері жиналған. Демонстранттарды тарату үшін полиция көзді ашытатын газ, су машинасы мен резеңке оқтарды қолданды. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, шеру кезінде 7 адам ұсталған. Олардың арасында жасы кәмелетке толмаған бір бала бар. Аргентинадағы қоғамдық қозғалыс өкілдері тәртіп сақшыларының шеруді күшпен басуын сынға алды. Дегенмен, билік өкілдері полицейлер өз міндетін атқарды деп мәлімдеді.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу