МАИ қызметкерлері енді арнайы таяқшаны қолданбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

МАИ қызметкерлері енді арнайы таяқшаны қолданбайды

29.12.2016
Енді МАИ қызметкерлері көлікті тоқтату үшін арнайы қызыл таяқшаны қолданбайды. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев мәлімдеді.

1 қаңтардан бастап халықаралық стандарт бойынша, полицейлер көлікті тоқтату үшін қолын көтеріп, «Тоқта!» деген белгі беріп, ысқырықты не болмаса арнайы дыбыс күшейткіш және жарық беретін құралдарды пайдаланбақ.


Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу