Салық қызметкерлері арнайы форма киеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салық қызметкерлері арнайы форма киеді

09.02.2021

Еліміздің салық қызметкерлерінің жалақысы өсіп, олар біріңғай форма киеді. Қаржы министрлігі осындай бастаманы қолға алды. Айтуларынша бұл мемлекеттік кіріс саласындағы жемқорлықты азайтып, кадр тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Оның үстіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі де бұған дейін салық қызметкерлерінің жалақысы төмендігін және пара алу тәуекелі жоғары екенін айтқан. Сондықтан министрлік осы бағыттағы жұмысты қолға алған. Әрі салық қызметкерлері біріңғай форма киіп, оларға арнайы шендер беру көзделген. Жалақысы да сол дәрежелеріне қарай төленбек.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу