Енді салық қызметкерлері арнайы форма киеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді салық қызметкерлері арнайы форма киеді

09.02.2021
Енді салық қызметкерлері арнайы форма киеді

Қазақстанда салық қызметкерлерінің жалақысына үстемеақы қосылып, оларға бірыңғай формалық киім мен сыныптық шен енгізу ұсынылды. Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі мемлекеттік кіріс органдарының қызметкеткерлері жалақысының төмен болуына, әлеуметтік қорғалмауына және қызметінің жауапкершілігіне байланысты жемқорлық тәуекеліне баруы мүмкін екенін атап өтті. Мұндай жағдай білімді, тәжірибесі мол мамандардың басқа қызметке ауысуына әкеп соғады.

Осыған байланысты олардың базалық жалақысына үстемеақы қосып, бірыңғай формалық киім мен сыныптық шен енгізу ұсынылып отыр. Бұл шара білікті кадрларды сақтап, жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кіріс органдарының мәртебесін көтеруге септігін тигізеді», - деді министр

Хабарламаларға жазылу