Тергеу мәліметтері бойынша 2015 жылдың сәуірінде қаладағы №86 мектептің мұғалімі Юрий Пактың телефонынан «орталық әмбебап дүкенге бомба қойылды» деп хабарлама түскені анықталған. Алайда, мұғалім кінәсізбін деуден танбады. Сот оны екі жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, төтенше жағдай, полиция мен жедел жәрдем қызметіне келген 100 мың теңгеден астам шығынды да өтеу қоса жүктелген.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ