Қазақстандық 11 ұстаз «Әлем мұғалімі» байқауының іріктеу кезеңіне қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық 11 ұстаз «Әлем мұғалімі» байқауының іріктеу кезеңіне қатысады

04.10.2019
Қазақстандық 11 ұстаз  «Әлем мұғалімі» байқауының іріктеу кезеңіне қатысады

Мұғалімдердің кәсіби мерекесі қарсаңында республикалық «Үздік педагог-2019» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Онда еліміздің 64 үздік ұстаздары марапатқа ие болды. 

Биылғы салтанатты шараның тағы бір ерекшелігі – Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қорының құрылтайшысы Әлия Назарбаеваның шараның басты жеңімпазының есімімен қатар, «Әлем мұғалімі» сыйлығының іріктеу кезеңіне еліміздің атынан қатысатын 11 педагогтың есімдерін жария етуі. Кандидаттарды құрамына Білім және ғылым министрлігі, ата-аналар қауымдастығы, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіретін Тәуелсіз судьялар академиясы таңдады.

Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының математика мұғалімі Гул Муаммер «Қазақстан мұғалімі 2019» премиясының жеңімпазы, сонымен қатар, «Жаһандық премияның Қазақстандағы амбассадоры» атанды.


Әлем мұғалімі» Халықаралық премиясына өтінімдері жіберілетін тағы 10 мұғалімнің есімдері:

1. Тамара  Албаева - Ақтөбе қ. №23 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

2. Лазат Алиева  - Нұр-Сұлтан қ. РФММ филиалының география және жаратылыстану пәнінің мұғалімі;

3. Баян Базарғалиева  -  Ақтөбе облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім инновация» мамандандырылған лицей-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

 4. Архат Долаев  - Алматы қ. РФММ математика пәнінің мұғалімі;

 5. Айгүл Қалмаханова - Жамбыл облысы Жамбыл ауданындағы Баймырза Бесбаев атындағы мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі;

6. Назигүл Мергенбаева - Алматы қ. №148 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі;

7. Гүлсим Надирова  - Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Сайөтес ауылындағы «Өтес» орта мектебінің география пәнінің мұғалімі;

8. Арман Орынбеков  - Шымкент қ. №90 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;

9.  Ербол Тлеулов - Шымкент қ. физика-математика бағытындағы НЗМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі;

10. Асхат Жұмабеков - 2018 жылғы «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпазы, Халықаралық Варке қоғамдық қорының «Әлем мұғалімі» премиясының іріктеу кезеңіне қатысуға арнайы шақыртуының иегері, Семей қ. НЗМ физика және математика пәнінің мұғалімі. 



Жыл сайын қазан айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұстаздар мерекесі биыл 6 қазанға сәйкес келіп отыр. 

Хабарламаларға жазылу