Шілденің 1-нен 10-на дейінгі аралықта кітапханада фото, сурет, кітап көрмелері өтеді. Әдеби және мәдени кездесулер ұйымдастырылады. Айта кету керек, Елбасы кітапханасының кітап қоры өте сирек кездесетін және таптырмас кітаптармен ерекшеленеді. Оның ішінде әсіресе, 1667 жылғы шариғат нормаларын түсіндіруге арналған «Тәпсір Әл-Бағауи» қолжазбасын айтуға болады.
Арай СҮГІРБАЙ