Жастар теледидар емес, интернетті таңдағалы көп болды. Әсіресе бұл барлық әлемдік жаңалықтарды қамтитын әлеуметтік порталдарға қатысты. Таяуда бұл жайлы Оскфорд Университеті Рейтер журналистика институтының мамандары дайындаған баяндамада айтылды.
Он сегіз жас пен жиырма төрт жас аралығындағы адамдар қатысқан сауалнамада жиырма сегіз пайызы әлеуметтік желі - жаңалықтар мен ақпараттың негізгі көзі дегенге сенімді. Жиырма төрт пайызы теледидар көретінін жазған. Бұл сауалнама жыл сайын әлемнің жиырма алты елінде соңғы бес жыл ішінде жүргізіліп келген.
Тізімге АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Испания, Италия, Түркия, Жапония, Оңтүстік Корея және басқа да елдер кірді. Жыл сайын мамандар 50 мыңнан астам респонденттің пікірін ескерген.
Зерттеу көрсеткендей, ірі әлеуметтік порталдар - жай сөйлесіп-араласу орны емес, адамның барлық қажетті, маңызды, жаңа ақпаратты алатын ресурсы. Әлеуметтік порталдар жаңалықтарын қарауға әсіресе нәзік жандылар мен жастар құмар екені анықталды.
ҚазАқпарат