Елдегі 3 миллионнан астам оқушы қашықтықтан оқуды бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елдегі 3 миллионнан астам оқушы қашықтықтан оқуды бастады

06.04.2020

Елдегі 3 миллионнан астам оқушы қашықтықтан оқуды бастады. 4-тоқсанның алғашқы күні 2,5 миллион бала интернет арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Бір ғана «Күнделік» электронды журналы арқылы 32 миллион сессия өткен. Бұл бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткіш. Сол себептен, жер-жерлерде техникалық проблемалар да кездесіп жатыр. Бұл олқылықтардың бәрі жойылатынын айтты елдің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов. Бұдан бөлек, теледидар арқылы да оқу жүріп жатыр. Онлайн оқытуда ұстаздарға салмақ түсіп жатыр. Сондықтан олардың жұмысы тексерілмейді әрі есеп те алынбайды. Ал оқушыларға берілген тапсырманы орындауға уақыт берілуі керек екенін айтады министр.  

Асима НҰРБАЙҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу