Талғар полициясы көлік ішінде өртеніп кеткен екі баланың өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған факт 13 маусым күні Талғар қаласында тіркелген.
13 маусым күні таңертең жекеменшік үйлердің бірінің ауласында тұрған көлік өртеніп кетті. Сол кезде оның ішінде үш жасар екі ұл бала болған. Балалар қаза тапты.
«Балалар «Volkswagen Golf» көлігінің салонында өртеніп кетті. Көліктің өртену себебі әзірге анықталған жоқ. Талғар АІІБ-нің қызметкерлері аталған факті бойынша тиісті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, сараптама тағайындалды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нен.
Белгілі болғандай, сол күні көршілес Қарасай ауданында 10 және 11 жастағы екі жасөспірім қаза тапты. Анықталғандай, балалар Ұзын Қарғалы өзенінде суға шомылу кезінде абайсызда суға батып кеткен.
Бірінші оқиға сияқты, полицейлер аталған фактімен тиісті тергеу мен сараптамалар өткізуді жоспарлап отыр.