Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің 48 пайызын әйелдер құрайды. Бұл туралы бүгін халықпен есептік кездесу өткізген ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрі Талғат Донақов мәлімдеді.
Министрдің атап өтуінше, еліміздің мемлекеттік қызметшілері қатарында гендерлік теңдік бар. Нақты айтқанда Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің 48 пайызын әйелдер құрап отыр.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтегі орташа жас 35 жасты құрайды. Яғни, Қазақстанның мемлекеттік қызметі - бұл ең алдымен тәжірибе, кемелдену және жастық қоймасы»,- деді ол.
Т.Донақовтың сөзіне қарағанда, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі жұмыс істей бастаған сәттен мемлекеттік аппаратқа орналасу тартымдылығы айтарлықтай көтеріліп, 1 бос орынға үміткерлердің саны біршама өскен.
«Өткен жылмен салыстырғанда мемлекеттік органдар қатарындағылар 5 есе артты. Ал, адамдардың мемлекеттік қызметтен кету деңгейі 2 есеге жуыққа қысқарды», - деді Т.Донақов.
Дереккөз: inform.kz