70 жыл бұрын (1946-1989) журналист, ақын, аудармашы Мырзабеков Кеңшілік Ағытайұлы дүниеге келген.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тамәмдаған. 1966-1989 жылдары Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» (қазіргі «Қостанай таңы»), «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), Алматы облыстық «Жетісу», «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттерінде, «Жазушы» баспасында, «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында қызметтер атқарды.
Ақынның алғашқы жинағы «Іңкәр дүние» деген атпен 1972 жылы баспадан шықты. Оның «Балалық шақ балладалары», «Қасиетті қас қағым», «Ауыл мен астана», «Дәуір - дастан», «Сәруар», «Бір мысқал», «Жолға салдым көшімді», «Менің мұңым - махаббат» секілді жыр жинақтары оқырман қауымға жақсы таныс. Ол Евгений Евтушенконың «Менің шешем және нейтрон бомбасы», «Фуку» атты поэмаларын қазақ тіліне аударды. 1996 жылы ақын жайында «Қайран, Кеңшілік!» атты естелік кітап жарыққа шықты.