Бүгін – айтыскер ақын Ерік Асқаровтың туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – айтыскер ақын Ерік Асқаровтың туған күні

10.01.2015
Бүгін – айтыскер ақын Ерік Асқаровтың туған күні

Ерік Асқаров - қазақ әдебиетінде шоқтығы биік ақындардың бірі. Ол 1959 жылы 10 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында дүниеге келген.

«Ерік айтысқа жазба ақындықтан келді. Ал, жазба ақындықтың бір артықшылығы – олардың деңгейі бір саты жоғары болады», - дейді ақын Қонысбай Әбілов.

Е.Асқаров 1983 жылы Алматы Көркем театр институтын бітіріп, режиссер мамандығын алған. Республикалық Қазақ телевизиясында режиссер, «Жазушы» баспасында редактор, Қазақстан Жазушылар одағы әдеби қорының директоры болған.

Оның «Қарлығаш», «Жетіген», «Аққудың көгілдірі» атты жыр жинақтары, сондай-ақ, «Біржан сал», «Петропавловск - қызылдардың қаласы» атты пьесасы жарық көрді.

Сонымен қатар, Ерік Асқаров Оралхан Бөкейдің «Қар қызы» повесі мен Сәкен Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының желісі бойынша бейнефильмдер түсірген.

Ақын туралы сюжетті «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу