Бүгін - ақын Әбубәкір Қайранның туған күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - ақын Әбубәкір Қайранның туған күні

28.02.2018

Бүгін - танымал ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйдлығының иегері Әбубәкір Қайранның туған күні. Қаламгер 60 жасқа толып отыр.

Әбубәкір Қайран 1958 жылы 28 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1981 жылы Семей педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін үздік бітіріп, еңбек жолын ұстаздықтан бастаған ол республикалық «Балдырған» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі, бұдан кейінгі уақыттарда «Жалын» баспасында редактор, «Қазақстан мектебі» және басқа да басылымдарда жауапты қызметтер атқарған.

1980 жылы «Бастау» сериясымен тұңғыш кітабы жарық көрді. «Ақ сәуле», «Мазасыз әлем» және балаларға арналған ұжымдық жинақтарға өлеңдері енген. Кейінгі жылдары «Маңдайдағы жазулар», «Атбегінің әліппесі», «Мен ғашықпын ғаламға» жыр жинақтары оқырмандар қолына тиді.

«Таңшолпан» жүргізушілері бүгін ақынды арнайы үйіне барып, құттықтады.

Хабарламаларға жазылу