Біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады

05.06.2016
Біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде ереже бұзған жүргізушілерге айыппұл салынады

6 маусымнан бастап Жол полициясы біржақты қозғалыс енгізілген көшелерде жүргізушілерді жол жүру ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартатын болады. Айыппұл мөлшері 5 АЕК құрайды.

Апатты жағдайларды болдырмау үшін әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің өкілдері бір апта бойы көлік иелерімен біржақты қозғалыс ережелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, 28 мамырда Әуезов және Желтоқсан көшелерінде біржақты көлік қозғалысы енгізілген болатын. Бірінші жол учаскесінің ұзындығы - 2,9 км және Республика даңғылынан Ә. Молдағұлова көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды. Екінші учаскенің ұзындығы - 2 км және Мәскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі қашықтықты қамтиды.

11 маусымда Абай даңғылында (Сарыарқа даңғылынан Пушкин көшесіне дейін), Кенесары көшесінде (Пушкин көшесінен Сарыарқа даңғылына дейін) және Янушкевич көшесінде (Абай даңғылынан Иманов көшесіне дейін) біржақты көлік қозғалысы енгізілмек.

 

Хабарламаларға жазылу