Фестиваль ережесіне сай, жас өнерпаздар өздерінің концерттік бағдарламалары арқылы Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін көрсетулері керек. Бұл үшін студенттер 1 ай дайындалған. Сахнада түрлі ұлт өкілдерінің ән мен биі орындалып, өлеңдері оқылды.
Бүгінде Қарағанды облысында 100-ден астам этнос өкілі тұрады. Өңірде 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ұлты мен діні, тіліне қарамастан барлығы тату-тәтті тұрып жатқанын жалынды жастар жарасымды кеште көпшілік назарына сахна тілімен ұсына білді.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ