Шымкентте «Мәдениетім - мерейім» облыстық өнер фестивалі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте «Мәдениетім - мерейім» облыстық өнер фестивалі өтеді

20.05.2015
Шымкентте «Мәдениетім - мерейім» облыстық өнер фестивалі өтеді

Шымкентте 21 мамыр - 27 маусым аралығында «Мәдениетім - мерейім» облыстық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Фестивальде Оңтүстік Қазақстан облысының аудан және қалаларындағы  мәдениет мекемелері өзара бақ сынайды. Шара соңында үздік өнер ұжымы анықталады.

Шараны Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы  жылы, Конституцияның 20 жылдығы және Жеңістің 70 жылдығына орай облыстық Мәдениет басқармасы ұйымдастырмақ.

Айта кетейік, фестивальдің алғашқы күнінде Сайрам ауданының қатысушылары өнер көрсетеді.

 

ФОТО: grandflora.kz

Хабарламаларға жазылу