Аймақ басшысы төтенше жағдайлар қызметінің мамандарымен бірге өңірдегі көктемгі су тасқыны қаупі бар жерлерді тікұшақпен бақылап шықты.
Қар мен мұз еріген кезде Есіл, Сілеті, Шағалалы, Нұра өзендеріндегі судың көлемі көтеріледі. Осы уақытта ауыл-аймақ тасқыннан жапа шекпеуі үшін қоймаларда жиналған суды ағызып жіберуде мұқият болу қажеттігі айтылды. Аса қауіпті аймақ - Атбасар қаласының төңірегі.
Негізгі күш те Атбасар аумағына жұмылдырылмақ. Аудан орталығындағы су басу қаупі бар үйлер мен әлеуметтік нысандардың маңы құм толтырылған қаптармен қоршалып, арықтар мен су жіберу нысандары тазалануда.
Ермек ЕЛБЕРГЕН