Атбасар қаласы мамандар бақылауында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атбасар қаласы мамандар бақылауында

10.04.2020

Ақмола облысындағы елді мекендерде су басу қаупі төмендеді. Дегенмен өңірдегі Жабай және Қалқұтан өзендерінің деңгейі көтерілуде. Қазіргі уақытта облыстағы төтенше жағдайлар қызметін бар күші Атбасар қаласына шоғырланған. Себебі Жабай өзенінің жылда тосын мінез көрсететіні бар.

Менің сол қапталымдағы Жабай өзені. Ол Атбасар қаласының іргесінен өтеді. Осыдан 3 жыл бұрын үйлерді су басып қалған болатын. Ал биыл Жабайдың деңгейі көтеріліп келе жатқанымен шектік деңгейден аспайды. Яғни Атбасарды су басу қаупі төмен.

Көктемгі ағын судың алдын алу үшін топырақтан 50 шақырым жасанды бөгеттер қойылған. Онымен қоса, қауіпті аймақтардан тұрғындары көшіру қатар жүргізуде.

Биыл Ақмола облысы бойынша Балкашин ауылына ғана су кіріп, 4 үйді басып қалды. Ал көктемгі ағын су қаупі алдағы 1 аптада толық жойылады, - дейді мамандар.

Ермек ЕЛБЕРГЕН


Хабарламаларға жазылу