Ақмола облысында 25 елдімекенді су басуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында 25 елдімекенді су басуы мүмкін

02.03.2022

Ақмола облысында 25 елдімекенді су басуы мүмкін. Олардың көбі Нұр-Сұлтан қаласы мен Атбасар маңында. Барлығы 7 аудан аумағында орналасқан елді мекендер. Десе де, биыл жағдай былтырға қарағанда жақсы, дейді мамандар. Мәселен, топырақ терең қатпаған, күзгі ылғал да көпжылдық мөлшерден төмен. Ал қардың қалыңдығы былтырмен салыстырғанда 9 процентке көп. Ақмола облысында жыл сайын 125 елдімекен қауіпті аймаққа кіреді. Қазір біразында қауіп сейілген. Көктемгі ағын судың алдын алып жатыр. Дегенмен, осы айда жауын-шашын көп түссе, жағдай қиындай түспек.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу