Алғыс айту күніне арналған шаралар жөнінде жиын өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алғыс айту күніне арналған шаралар жөнінде жиын өтті

01.03.2019

Астанадағы Достық үйінде жүздеген адам Алғыс айту күнін тойлауға жиналды. Мереке аясында бірнеше қайырымдылық шарасы өткізілді. Оның бірі аз қамтылған отбасыларды қолдауға бағытталса, енді бірі Қарағанды облысында өрттен баспанасыз қалған жанұяға көмектесу үшін ұйымдастырылды.

Қайырымдылық акциясынан жиналған қаржының бәрі өртке оранған 8 үйдің қайта салынуына жұмсалмақ. Іс-шараның өтуіне Қазақстан халқы Ассамблеясы атсалысты. Игі іспен айналысқандырдың қатарында «Асыл адам» қоры да бар. Ал, қажетті қаражатты жинау үшін еліміздегі әртүрлі этнос өкілдері жәрмеңке өткізіп, ұтыс ойнатты.

Көңілбай Шөкенов, «Асыл адам» қорының негізін қалаушы:

- Жақсы істерге жұмылдыру. Басты мақсат - осы. 

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу