Ақтөбе облысында жеке сот орындаушыларға түсетін істер көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында жеке сот орындаушыларға түсетін істер көбейген

16.02.2016
Ақтөбе облысында жеке сот орындаушыларға түсетін істер көбейген
Бүгінде өңірде 52 жеке сот орындаушы бар.

Ақтөбе облысында соңғы 1 жылда жеке сот орындаушыларының әрекетсіздігіне байланысты 32 шағым түсіп, олардың 18-і негізді деп танылған. Облыс орталығында өткен алқалы жиында саладағы жетістіктер де айтылды.

2011 жылдан бері бұл жүйенің жүгі едәуір жеңілдеген. Мәселен, алимент өндіру сияқты сергелдеңі көп атқару істері қазір толықтай жеке сот орындаушыларына берілді.

Тиісінше, жеке сот орындаушылардың құқықтық кеңістігі мен мүмкіндіктері арта түсті. Бүгінде өңірде 52 жеке сот орындаушы бар.

Жақсыбек КЕМАЛ

Хабарламаларға жазылу