Салықтан жалтаратындар азаймай тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салықтан жалтаратындар азаймай тұр

15.06.2017

Алматының жеке көлік жүргізушілері мемлекетке белшесінен қарыз. Өйткені, салықты уақытында төлемей, жалтаратындар аз емес. Мәселен, Түркісіб ауданында биылғы жылдың 1-ші ақпанында берешектің жалпы сомасы 382 миллион теңгеге жетті. Бұл көрсеткіш тек көлік салығына қатысты. Аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері қазір жиналып, көбейген істерді сотқа жіберуге әзірлеп жатыр. «Ал, сот салықты өндіруді жеке сот орындаушыларға тапсырса қалтаңызға екі есе салмақ түседі», дейді мамандар. Өйткені, жеке сот орындаушылар салық көлемінің қосымша 25 пайызын өз еңбектері үшін талап етуге құқылы.

Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті де тәркілеп, сырт елдерге шығуға тыйым салады.    

 

Мирас МҰҚАШ  

Хабарламаларға жазылу