Биылғы жыл жұмыспен қамту орталығы үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтамасыз ету жылы болмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биылғы жыл жұмыспен қамту орталығы үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтамасыз ету жылы болмақ

03.02.2016
Биылғы жыл жұмыспен қамту орталығы үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтамасыз ету жылы болмақ
Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері, жұмыс берушілер тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға жылдан жылға сұраныс артуда дейді.

Мүмкіндігі шектеулі жандар өздеріне жүктелген жұмысты үлкен жауапкершілікпен атқарады. Сондықтан да оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасауымыз қажет. Елбасы әр жылғы Жолдауында осы мәселелерге айрықша басымдық береді. Биылғы жыл жұмыспен қамту орталығы үшін мүмкіндігі шектеулі жандарды еңбекпен қамтамасыз ету жылы болмақ.

Елордада 18 мыңға жуық мүгедек азамат бар. Өткен жылы олардың 5 мыңға жуығы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасымен еңбекке тартылған.

Алтынай СӘЛІМГЕРЕЙ

Хабарламаларға жазылу