Киберспорттан республикалық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Киберспорттан республикалық турнир өтеді

02.12.2015
Киберспорттан  республикалық турнир өтеді
Киберспорттан  республикалық турнир өтеді

12 желтоқсан күні Алматы қаласында киберспорттан республикалық турнир өтеді. Бұл жарыс көпшілікке танымал World of Tanks ойынынан ұйымдастырылмақ.

Беларустік Wargaming компаниясы киберспорттан Қазақстан турнирін ұйымдастырып жатыр. Әлемге танымал World of Tanks ойынынан өтетін турнирді жарыс ұйымдастырушылары Қазақстан чемпионаты ретінде бағалап отыр. Турнирді ұйымдастыруға бірқатар жекеменшік компаниялар атсалысуда. Ал, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі турнирдің ресми серіктестерінің бірі ретінде таңдалған. Сонымен қатар, турнирге «Қазақпарат» агенттігі, «Қазақтелеком» АҚ қолдау білдірген. Киберспорт жарысының жартылай финалы 11 желтоқсанға жоспарланған. Финал 12 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.

Турнирде жеңімпаз атанған командаға жарысты ұйымдастырушылар 5 млн теңге ақшалай жүлде тағайындап отыр. Екінші орынға 2 млн, үшінші орынға 1 млн теңге берілмек. Сонымен қатар, турнирдегі ең үздік ойыншыға BMW 3 Series көлігі сыйға тартылады.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу