Журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді

24.09.2014
Журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді

27 қыркүйек күні Шымкентте қоғам қайраткерлері, ұлт көшбасшылары Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың 120 жылдығы және «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 90 жылдығына орай журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өтеді.

Шараны  Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі саясат басқармасы мен «Оңтүстік Қазақстан» газеті ұйымдастырып отыр. Турнир Шымкент қаласы, Тассай елді мекеніндегі халықаралық талаптарға сай «БИІК» спорт кешенінде өтеді.

Торқалы тойға Жамбыл, Қызылорда облыстары мен Алматы қаласының журналистер құрамасы және «Қазақстан-Шымкент», «Отырар» телеарналары, Созақ журналистері, «Оңтүстік Қазақстан», «Шымкент келбеті-Панорама Шымкента», «Жанубий Қозоғистон» газеттері мен облыстық Ішкі саясат басқармасының командасы қатысады.

Хабарламаларға жазылу