Әскери теңізшілер қыс маусымына сақадай сай - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әскери теңізшілер қыс маусымына сақадай сай

26.11.2015
Әскери теңізшілер қыс  маусымына сақадай сай
Әскери теңізшілер қыс  маусымына сақадай сай

ҚР Қарулы Күштерінде техника мен қару-жарақты қыс маусымына дайындау жоспарлы түрде өтуде. Қазақстан Республикасының барлық аумағында ауа-райының салқындауына байланысты Каспий теңізінің қазақстандық секторының су айдынында да температура төмендеді. Сол себепті, қазақ әскери теңізшілері қыс жағдайында қызмет ету режиміне көшті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігі қысқа уақытта қатып қалады және онда навигация тоқтатылады. Осыған байланысты, еліміздің Әскери-теңіз күштерінің гидрографиялық қызметі «Жайық» гидрографиялық кемесімен буйлар мен межелерді - жүзбелі сақтандырғыш белгілерді алып тастау шараларын бастады.

Әскери теңізшілер қыс  маусымына сақадай сай

Межелер мен буйлар қауіпті теңіз арналарын, фарватерлерді, сондай-ақ күндізгі және түнгі уақытта теңізде жекелеген навигациялық қауіптерді ескертіп тұру үшін қажет.

Буй мен межені теңізшілер жыл бойы пайдаланады. Бірақ, оның өзінде теңіз навигацияның ашылуынан бастап оның жабылуына дейін қолдануға болады. Ал, қыста мұздық буйлар қолданылады. Бүгінде бұл құралдар Орал қаласындағы «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ отандық кәсіпорнында дайындалады. Яғни, отандық кәсіпорын әскери теңізшілерге қажетті құралдар өндіріп жатыр.

Сонымен қатар, Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік корабльдерін қыс маусымына дайындау жұмыстары да аяқталған. Корабльдер қыс мезгіліне арналған отын түрлерін пайдалануға көшірілді, олар үшін жанар-жағармай материалдары әзірленіп те қойылды. Экипаждар қысқы киім-кешек алды, қысқы арнайы киімнің жаңа костюмдері мен үлгілері сынамадан өтті.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу