Басты Жаңалықтар Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті

Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті

Семейде қала тұрғыны жеделсатының шахтасына құлап кетті
Қайғылы оқиға былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа үйде болған.

Семейде қала тұрғыны 8-ші қабаттан лифтінің шахтасына құлап, ауыр жарақаттанды. Қайғылы оқиға былтыр ғана қолданысқа берілген жаңа үйде болған.

Тұрғын 8-ші қабаттан жеделсатыны шақырғанда, оның тек есігі ашылған. Мұны байқамаған ер адам төменге құлдилаған. Жанында болған әйелі көрші-қолаңды көмекке шақырғанымен, ешкім жеделсатыны аша алмаған. Тек төтенше жағдай қызметінің мамандары келіп көмектескен.

Ержан ЖАҚЫП
Бөлісу