Қостанай қаласының іргесіндегі «Садовод» қожалығы биыл 60 гектардан астам алқапқа тұқым салған. Оның басым бөлігі картоп. Күздің жаңбырлы болуы жиын-терінге едәуір кедергі келтіруде. Сондықтан диқандар әрбір ашық күнді тиімді пайдалануға тырысуда.
Мамандар биылғы өнім аймақ халқының тұтынуына және өзге өңірлерге саудалауға артығымен жетеді, деп отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК