Егін жинау науқаны аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

24.09.2021

Ал күзгі егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша дәл қазір 15 жарым миллион тектар жердегі дәнді және дәнді-бұршақты дақыл орылды. Орташа өнімділік гектарына 10 центнерге жуық. Ал жиналған 15 миллион тоннадай астықтың 12 миллионы бидай. Қалғаны майлы дақыл, картоп пен өзге де көкөністер. Бұған дейін министрлік биыл астық көлемі қуаңшылыққа байланысты азырақ болуы мүмкін деп болжаған. Диқандар да шығынға бататынын айтып, бидай бағасын көтеруді талап еткен еді.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу