Қостанай облысында егін орағы аяқталуға жақын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында егін орағы аяқталуға жақын

22.09.2020

Қостанай облысында жиын-терін жұмыстары аяқталуға таяу. Бүгінде 5 миллион 266 мың гектар алқаптағы астықтың 95 проценті жиналды. Егіннің шығымы гектарына 10 центнерден келіп отыр. Бұл - орташа көрсеткіш. Өңірде жаз ортасында бір айдан артық уақыт көктен тамшы тамбады. Соның кесірінен бидай бітік өспеді. Есесіне әдеттегіден ерте пісіп, алқапқа тамыз айының басында орақ түсті. 

Былтыр қуаңшылықтың зардабын тартқан оңтүстік аудандардың да қамбасы биыл құр қалған жоқ. Жиналған астықтың шығымы төмен болғанымен сапасы жоғары. 

Есімжан Баймақанов, Қостанай облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:  

- Астық қабылдау кәсіпорындарына бүгінгі күні облыс бойынша 639 мың тонна астық түсті.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу