Жамбыл облысындағы Құлан ауылының маңында қазба жұмыстарын жүргізіп жатқан археологтар олжаға кезікті. Мамандардың пікірінше «аршылып алынған ғимарат сол дәуірдегі билеушінің ордасы болуы әбден мүмкін». Ондағы бөлмелердің безендірілуі өте жақсы сақталған.
«Бұрын соңды көне ғимараттар мұндай жақсы сақталған қалпында кездескен емес» - дейді археологтар.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ