Талдықорғанда екі ғимарат ел игілігіне берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда екі ғимарат ел игілігіне берілді

13.11.2017

Бірі көрме павильоны мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы болса, екіншісі салтанат сарайы. Шахардың оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан көрме алаңының құны 1,2 млрд теңге. 4,5 мың шаршы метр аумақта кәсіпорындар өз өнімдерін жұрт назарына ұсына алады. Ал, екінші қабатта білікті мамандар кәсіпкерлерге әр түрлі қызметтер көрсетеді. Талдықорғандық жас жұбайлар енді некелерін үлкен салтанат сарайында қияды. Жаңа неке сарайы сәулеті жағынан қалаға ерекше көрік беріп қана қоймай, азаматтық хал актілерін тіркеп, 8 түрлі қызмет көрсетеді. Шаңырақ көтерген екі отбасы салтанат сарайында алғашқылардың бірі болып некесін қидырса, аға буын өкілдері алтын және гауһар тойларын атап өтті. 

Мадияр Ерланұлы, күйеу жігіт:

- Өтініш жасаған кезде осы сарайда өткіземіз деп ойлаған жоқпыз. Өте қуаныштымыз.

Гүлім Әділханқызы, қалыңдық:

- Бақыттымыз. Алтын тойымызды, гауһар тойымызды осында өткіземіз деген үміттеміз. Рахмет бәріне.

 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу