Тарих тереңіне үңілсек, Орда жеріндегі құм тоқтату жұмысын Жәңгір хан бастаған.
Тал-теректерді сонау Саратовтан алдыртып, жаппай отырғызуды жүргізген. Орманның оталмауына да мән берген.
Бүгінде жасыл желекті бағып-қағумен «Орда» орман шаруашылығы айналысады.
Басты назар қарағай орманын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта жыл сайын 30 мың түп жас көшет отырғызылады.
Рауан ДИӘЛИ