Испанияда орман өртіне байланысты 8 мыңдай адам эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда орман өртіне байланысты 8 мыңдай адам эвакуацияланды

19.08.2019

Испанияның Гран-Канария аралында орман өрті қаулап барады. Сондықтан 8 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жасыл желектер тамыздың 7-де жана бастаған. Содан бері үш жарым мың гектарға жуық орман күлге айналды. Оны сөндіруге 700-ден астам адам мен 16 тікұшақ тартылды. Алайда аптап ыстық пен қатты жел және ылғалдың тым мардымсыздығы оттың айналаны тез шарпуына себеп болып отыр.

Кейбір жерлерде лапылдаған жалынның биіктігі 50 метрге жеткен. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт сөндіру бригадалары күні-түні жұмыс істеп жатыр.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу