СҚО Ақжар ауданында бір аптада екі рет дала өрті тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО Ақжар ауданында бір аптада екі рет дала өрті тіркелді

19.07.2023

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданында бір аптада екі рет дала өрті тіркелді.

Тұғыржап ауылынан 7 шақырым жерде қурай жанып, «Орлиногорск» орман шаруашылығына дейін жетті. Осының салдарынан 3 гектарға жуық алқаптағы ағаш күлге айналған. Жалпы қызыл жалын шарпыған аумақ 1 мың гектардан асты. Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Өрттің себебі анықталуда.


Хабарламаларға жазылу