Тілшілерге арналған жаңа бағдарлама жарияланды
«Internews» Орталық Азияға арналған 5 жылдық бағдарламасын таныстырды. Оның аясында Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріндегі медиа нарыққа жаңа серпін берілмек. Түрлі тренингтер мен оқытулар арқылы тілшілердің біліктілігі арттырылады. Бұған дейін, тек аймақтық БАҚ-тармен жұмыс істеген «Internews» келер 5 жылдықта республикалық деңгейдегі тілшілермен де жұмысын жетілдірмек ниетте. Сондай-ақ, телеарна тілшілерімен қатар, газет-журналдарда істейтін мамандар үшін де арнайы бағыт бар.
Дина Жансағым, «Internews» Халықаралық үкіметтік емес ұйымының аймақтағы үйлестірушісі:
Медиа арасында 2 түрлі грант жарияламақшымыз. Біріншісі – тренингтер. Екіншісі, хабар өндіруге, контент жасауға арналады. Аталған 2 түрлі бағыт бойынша гранттар беріледі. Гранттар аясында біз журналистердің кәсіби деңгейін көтереміз деп жоспарлап отырмыз.
Оңғар АЛПЫСБАйұлы
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
