Алматыда селдің салдарын жоюға «Жас отан» мен «Жасыл ел» ұйымынан 200 ерікті көмектесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда селдің салдарын жоюға «Жас отан» мен «Жасыл ел» ұйымынан 200 ерікті көмектесті

25.07.2015
Алматыда селдің салдарын жоюға «Жас отан» мен «Жасыл ел» ұйымынан 200 ерікті көмектесті

Сенбі күнгі демалысын селден жапа шеккендерге арнаған ерікті жастар екіден-үштен топтасып, түрлі аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізді.

Ауыл тұрғындарына ауызсу, түскі ас таратып, апаттан бүлінген аймақтарды қалпына келтіру жұмыстарына үлес қосты.

Қазақстан қарулы күштерінің 300 сарбазы мен төтенше жағдайлар қызметкерлері бірлесіп, бірнеше су басқан тұрғын үйлер мен алаңдарға тазалық жұмыстарын жүргізді.

 

Аманкелді СЕЙТХАН

Хабарламаларға жазылу