Баянауылда өсімдіктердің 400-ге жуық түрі бар. Солардың ішінде ең қасеиетті, киелі саналатын «қанды қарағаш» деп аталатын ағаштың ерекше түрі кездеседі. Өсімдік қара топырақта, бұлақ суы жүретін жерлерде ғана өседі.
Ел ішінде бұл ағаштарды «табиғат құбылысын болжаушы», деп атайды.
«Қанды қарағаштың» ара немесе балта тиген жерінен қанға ұқсас қызыл түсті сұйық зат ағады.
Болат АМАНБАЕВ